Выйти
RU

ТЖ режимін бұзғаны үшін танымал вайнер Жекаға айыппұл салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда танымал қазақстандық вайнер Zheka Fatbelly төтенже жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар Polisia.kz видеосынан

Кадрлар Polisia.kz видеосынан

Polisia.kz ақпарынша, Алматы полициясы төтенше және карантиндік режимдерді сақтау аясында құқық бұзушыларды анықтау мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілгенін еске салды.

“Тәжірибе көрсеткендей, кейбір вайнерлер, блогерлер және желінің белсенді қолданушылары карантинді бұзушылар қатарында. Сонымен қатар, олар мұны көпшілік алдында көрсету үшін жасайды. Осылайша, олар заңдар мен қауіпсіздік шараларына құрметпен қарамайтынын көрсетеді. Егер олардың әрқайсысының үлкен аудиториясы бар екенін ескеретін болсақ, “жаман мысал” жұқпалы болып кету қаупін туғызады”, – дейді қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Карантинді бұзушылардың бірі – Жеңіс Омаров есімді азамат, “Zheka_Fatbelly” лақап атымен танымал. Ол ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және сот шешімімен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Вайнердің өзі бұл әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

“Құрметті қазақстандықтар! Мен, 2020 жылдың 20 сәуірінде төтенше жағдай, карантин режимін бұздым. Менің досым келді, мен оны үйге кіргіздім, ол менің шашымды жасады, және мен оны бейнеге түсіріп, ғаламторға салып жібердім. Өзімнің іс-әрекеттеріммен, мен ешқандай жағдайда құқық бұзушылық туралы айтқым келмеді. Мен өз кінәмді мойындап, карантин режимін сақтауыңызды сұраймын”, – деді Жеңіс Омаров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетауда ТЖ кезінде моншада демалған лауазымды тұлғаларға айыппұл салынғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ТЖ режимін бұзғаны үшін танымал вайнер Жекаға айыппұл салынды