Выйти
RU

Бір ай карантинде жатқан ер адам коронавирустан жазыла алмай келеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Qantas әуе компаниясының ұшқышы, 53 жастағы австралиялық Майкл Крю коронавирусқа шалдыққан. Бір ай бойы карантинде жатса да, әлі күнге дейін вирустан жазыла алмай келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: unian.net

Фото: unian.net

Ұшқыш Британиядан Австралияға оралған соң коронавирусқа тест тапсырып, сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Алғашында басы ауырып, жөтел қысқан, кейіннен дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген.

Ер адамның өзі инфекцияны Лондонда жұқтырдым деп ойлайды. Айтуынша, еліне ұшар алдында азық-түлік дүкеніне кірген, сол жерде сатушының қатты жөтелгенін байқаған екен.

Вирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен соң, Крю өз үйінде оқшаулануға шешім қабылдапты. Алайда, карантинде жатқанына бір ай өтсе де, аурудан айығар емес. Қайтадан тапсырған анализдері тағы да оң нәтиже көрсеткен.

Австралиялықтың айтуынша, инфекция оның денсаулығына елеулі зиян келтірген.

"Менің болжамым бойынша, іс жүзінде сізге көмектесетін ешқандай медициналық құралдар жоқ. Ағзаңыз қаншалықты мықты болса – дертті жеңуге мүмкіндігіңіз соншалықты жоғары", – дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгінде Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 560 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бір ай карантинде жатқан ер адам коронавирустан жазыла алмай келеді