Выйти
RU

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған студенттер саны артты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған студенттер саны 10 адамға артты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған студенттер саны артты

Коллаж: NUR.KZ

Мәскеуден Ақтөбеге келген барлық қазақстандық студенттің сараптама қорытындысы белгілі болды. Нәтижесінде 222 студенттің 18-і коронавирус жұқтырған болып шықты.

Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Олардың көбі- Алматы, Нұр-Сұлтан, Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары. Осылайша, Ақтөбе облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 26 адамға, яғни, екі есе артып кетті.

"Барлығы сырттан келген жағдайлар. 26 адамның 18-і Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан қаласындағы ЖОО студенттері. Қалған сегізі Ресейге және Атырау облысына жұмыспен кеткендер. Атыраудан 1 Ақтөбе тұрғыны вахтадан келді, үшеуі- Түркістан облысының тұрғындары", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, 23 сәуір 22:40-тағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 38 оқиғасы тіркелді. Жаңа науқастар республиканың бірнеше өңірінде анықталды. Осылайша, Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 2289 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған студенттер саны артты