Выйти
RU

Әлемде 2,7 млн-нан астам адам КВИ жұқтырып, 200 мыңға жуығы көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Пандемия кезінде коронавирус инфекциясы анықталған адамдар саны 2,7 миллионнан асты. Зардап шеккендердің саны 190 мыңнан асып түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлемде 2,7 миллионнан астам адам КВИ жұқтырып, 190 мыңнан астамы қайтыс болған

Көрнекі фото: pixabay.com

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде 2,7 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Инфекцияны жұқтырудың ең көп жағдайы АҚШ-та расталды. 866,6 мыңнан астам америкалық КВИ жұқтырды.

Испания жұқтырғандар саны бойынша 2-ші орында (213 мыңнан астам адам).

Түркияда коронавирустан зардап шеккендер саны 100 мыңнан асты. Республика жұқтырулар саны бойынша әлемде 7-ші орында.

Ресей Федерациясында КВИ инфекциясын жұқтырудың жалпы саны 63 мыңға жуықтады. Ресей алғашқы ондықты аяқтап тұр.

Бүкіл әлем бойынша COVID-19-дан жапа шеккендердің жалпы саны 190,5 мың адамға жетеді. Америка Құрама Штаттары коронавирустан өлім-жітімі бойынша көш бастап тұр.

Айта кету керек, ауруды жеңе білгендер саны артып келеді. Дүниежүзінде 734 мыңға жуық адам вирустан сауықты.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде қатерлі дерттен айыққандар саны 560 адамға жетіп отыр. Ал соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 2289 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде 2,7 млн-нан астам адам КВИ жұқтырып, 200 мыңға жуығы көз жұмды