Выйти
RU

Шымкентте коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды. Осылайша, елімізде таралған қауіпті вирус жалпы 21 адамның өмірін қиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте COVID-19-дан бір адам қайтыс болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі болғандай, коронавирустан мерт болған 21-адам 1968 жылы туған науқас болып шықты. Қазіргі таңда Шымкентте виурстан барлығы төрт адам көз жұмды.

Алматы әлі күнге дейін коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны бойынша көш бастап тұр. Оңтүстік астанада КВИ-ден 6 адам қаза болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, індет тарағаннан бері Қазақстанда 2289 адам коронавирус жұқтырған.

Ал Шымкентте инфекция жұқтыру бойынша 133 жағдай тіркелген.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастар саны бойынша да Алматы көш басында тұр. Мегаполисте 756 адам коронавирус жұқтырды.

Сондай-ақ, бүкіл республика бойынша 560 пациент аурудан жазылды.

Шымкентте сауығып кеткендердің саны - 18 адамды құрады. Жазылғандар саны бойынша Нұр-Сұлтан көшбасшы болып отыр, онда 207 науқас вирусты жеңді.

Әлемде вирус жұқтырғандардың жалпы саны қазірдің өзінде 2,7 миллионнан асты.

190,5 мыңға жуық пациент КВИ-дан көз жұмған. Сондай-ақ, дерттен жазылғандардың саны да өсуде. 734 мыңға жуық науқас ауруды жеңе алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды