Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзіне тұз септі": Талдықорғанда өгей ұлын ұрып-соққан азаматтың ісі әшкере болды

Опубликовано:

Күні кеше Талдықорғанда өгей әкесі аяусыз ұрған 8 жасар баланың жансақтау бөліміне түскені белгілі болды. Көп ұзамай жеткіншектің анасы Нина Шелипова азаматтық некедегі жарының әрекетін егжей-тегжейлі баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Көзіне тұз септі": Талдықорғанда өгей ұлын ұрып-соққан азаматтың ісі әшкере болды
Көрнекі фото: segodnya.ua: Twitter

Нина Шелипова азаматтық некедегі күйеуі жалғыз ұлын өлімше етіп сабап жатқан кезде үйде болған.

"Сол уақытта күйеуімнен қорықтым. Балам екеуімізді бірдей өлтіреді деп ойладым. Ол ішімдік ішіп алған. Біз оның айтқанының бәрін істедік. "Ваннаны жу"деді, жудық. Бірақ соған қарамастан ұлымды ұрып-соқты. Көзіне тұз септі", - деді баланың анасы.

Өгей әкесінен соққы жеген 8 жасар ұл қазір Талдықорғандағы облыстық Балалар аурухасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ол сәуірдің 18-інен 19-ына қараған түні түнгі сағат он екі жарымда жедел жәрдем көлігімен осы жерге жеткізілген. Бала ес-түзсіз халде болған.

"Үш күннен кейін ғана есін жиды. Миына қан құйылған. Кеуде қуысы, іш қуысы, өкпе, ішектерге зақым келген. Сүйектері аман, сынбаған", - деді Алматы облыстық Балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев.

Жеткіншектің анасының айтуынша, бірінші көршілері полицияны шақырған. Содан кейін ғана ол жедел-жәрдемге хабар берген.

"Үйімізде отбасылық жанжалдар болып тұрады", - деген әйел өзінің алкогольге әуестігі жоқтығын айтады.

"Мені де ішімдік ішті деп ойлайды. Бірақ еш уақытта ішпегенмін, шіркеуге барамын", - деді ол.

Нина Шелипованың сөзінше, 32 жастағы ер адаммен көңілі жарасқанына үш жылға жуықтаған. Енді оның заң алдында жауап беруін талап етуде.

"Ол жасаған қылмысын толығымен мойындап отыр. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысында. ҚР ҚК-нің 106 бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру) бойынша сотқа дейін тергеу жүргізілуде", - деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ақбота Әзірбек.

Ал шарасыз күйдегі баланы аяусыз ұрып-соққан ер адам үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1852622-kzine-tz-septi-taldykorganda-gej-lyn-ryp-sokkan-azamatty-isi-skere-boldy/

pixel