Выйти
RU

Дәрігерлер CОVІD-19 жұқтырған науқасты тірілтіп алды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының ауруханасында дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқасты қайта тірілтті. Олар жүрегі тоқтап қалған науқасқа дер кезінде көмек көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Дәрігерлер CОVІD-19-ды жұқтырған науқасты тірілтті (видео)

Фото: Видеодан кадр

Жансақтау бөлімінде коронавиурс диагнозымен жатқан науқастың жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтап қалған.

Мұны көре салысымен медбике жүрек-өкпе реанимациясын жасауға кірісті, ал басқалары электр тоғын дайындап жатты.

Бірнеше минуттан кейін электродтар орнатылып, қуат ер адамның денесінен өтіп, ол өмірге қайта келді.

Аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі, доктор Энтони Лено жақында жағдайдың тек нашарлағанын мойындады.

Оның сөзінше, бүгінде олар коронавирустың салдарынан бір ауысымда бес-алты науқасты жоғалтады, алайда бұрын 10-12 сағаттық ауысымда бір адамнан айырылып жүрген.

"Бізде науқастардың көптігі сонша, тіпті, олардың санына сену қиын. Адамдар жақындары көз жұмып жатқан соң, қатты қорқыныш пен үреймен өмір сүруде", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, әлемде 2,7 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырып, 200 мыңға жуығы көз жұмды.

Айта кету керек, бұл дертті жеңе білгендер саны да артып келеді. Дүниежүзінде 734 мыңға жуық адам вирустан жазылып шыққан.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде қатерлі дерттен айыққандар саны 560 адамға жетіп отыр.

Ал соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 2334 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрігерлер CОVІD-19 жұқтырған науқасты тірілтіп алды (видео)