Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус инфекциясы тағы 45 адамнан анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артты. Бүгінгі күні республика аумағынан COVID-19 вирусының тағы 45 дерегі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

24 сəуір сағат 09:30-дағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал бойынша Қазақстанда коронавирус тағы 45 отандасымыздан анықталған.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Алматы қаласында – 8, Шымкентте – 6, Қостанай облысында – 2, Павлодар облысында – 4, Түркістан облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 6, Атырау облысында – 2, Ақмола облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Қарағанды облысында – 5 адам жұқтырғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда, республика аумағында қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың саны 2334 адамға жетті.

Оған қоса, Алматы қаласында COVID-19 вирусынан тағы бір науқастың көз жұмғаны анықталды. Елімізде бүгінде қауіпті індеттен 22 адам қайтыс болды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 433 адам, Алматы қаласында – 764 адам, Қарағанды облысында - 108 адам, Ақмола облысында - 85 адам, Атырау облысында - 84 адам, Жамбыл облысында - 98 адам, Шымкент қаласында - 139 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 15 адам, Алматы облысында - 69 адам, Ақтөбе облысында - 55 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 62 адам, Маңғыстау облысында - 20 адам, Қызылорда облысында - 161 адам, Батыс Қазақстан облысында - 92 адам, Түркістан облысында - 81 адам, Қостанай облысында - 38 адам тіркелді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ал инфекциядан толығымен айығып шыққандардың саны бүгінгі күні 560 азаматты құрап отыр. Олар ауруханадан шығып, үйлеріне оралған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус инфекциясы тағы 45 адамнан анықталды