Выйти
RU

Біртанов медицина қызметкерлері қандай көлемде үстемақы алғанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов наурыз айы бойынша медицина қызметкерлеріне жалақы үстінен үш миллиард теңге көлемінде қосымша үстеме ақы төленгенін мәлімдеді. Бұл төлеммен 17,5 мың дәрігер қамтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Біртановтың айтуынша, наурыз айында бірінші тәуекел тобында 1395 қызметкер жұмыс істесе, екіншісінде - 7081, үшіншісінде 8949 маман еңбектенген. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Бұл тұрғыда, қаражаттың көп мөлшері екінші тәуекел тобындағы дәрігерлерге төленген. Олар 1,8 миллиард теңге алғаны белгілі болды. Бірінші дәрежедегі мамандар жалпы есеппен алғанда шамамен 717 миллион теңгені иеленсе, үшінші топтағыларға 845 миллион теңге тағайындалған.

Біртановтың сөзінше, үстемақының көп мөлшері Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкенттің медицина қызметкерлерінің еншісіне тиген. Себебі, аталмыш қалаларда ақ халаттылардың ең көп күші жұмылдырылған. Министр қосымша төлемдер атқарылған кезеңге сәйкес жүзеге асырылып жатқанын алға тартты.

Ол науқастарды барлық өңірлерде наурыздың екінші жартысынан ерте анықтай қоймағанынеске салды. Оған қоса, Біртанов инфекция жұқтырғандар ерте пайда болған өңірлерде үстеме ақының көлемі республика бойынша орташадан жоғары екенін атап өтті.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сонымен қатар, министр үстемақыны толық мөлшерде ала алмай, әділетсіздікке тап болған ақ халаттыларға қатысты пікір білдірді. Ол келіп түсіп жатқан әрбір шағым жеке тәртіп бойынша қарастырылып жатқанын жеткізді.

Біртанов комиссиядан жұмысын барынша адал әрі ашық түрде жүргізуді талап етті. Оның сөзінше, мұндай жағдайда әділетсіздікке жол бермеу керек. Әрбір жіберілген қате дер кезінде жөнделуіс тиіс.

Министр ақ халаттыларды кезекшілігі аяқталған соң ешбір негізсіз карантинге жіберген оқиғалар жөнінде де айтып өтті. Оның айтуынша, хаттамаға сәйкес, дәрігерді оның инфекция жұқтыру қаупі жоғары болған жағдайда ғана екі аптаға жұмысынан шектеуге болады.

Қызметкерді карантинге жіберген кезде оның екі апта көлеміндегі мәжбүрлі оқшаулануы уақытына үстемақы төлеу мәселесі туындайды. Министр медицина мамандарының карантинге жатқызылуы белгілі бір себепке орай денсаулығына байланысты алған демалыс болып рәсімделіп жүргенін айтты. Біртанов бұл әрекеттерді заңсыз деп атады.

Министрлік басшысы өткен апта бойынша тағайындалған үстемақыларды тексеру үрдісін 27 сәуірге дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, ол наурыз бойынша өзгерістерді енгізіп, сәуірдегі төлемді уақытылы жасау керектігін айтты.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

Айта кетейік, екі апталық мәжбүрлі карантин уақытында медицина қызметкерлерінің негізгі жалақысы толықтай сақталуы тиіс. Бұл мәселе ауруханалар мен денсаулық сақтау басқармаларына тапсырылды.

Әкімдіктер ақ халаттылар еңбегі мен демалысының жағдайын қамтамасыз ету керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртанов медицина қызметкерлері қандай көлемде үстемақы алғанын айтты