Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің ең жас миллиардері карантин кезінде адам танымастай өзгеріп кетті

Опубликовано:

22 жастағы модель әрі желі жұлдызы Кайли Дженер өз парақшасында мінсіз келбеті мен мүсінін көрсетіп, көздің жауын алар суреттерімен бөлісіп отырады. Алайда, анықталғандай, ол шынайы өмірде желідегі суретінен әлдеқайда өзгеше болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Әдемнің ең жас миллиардері әрі желі жұлдызы карантин кезінде адам танымастай өзгерген
Фото: instagram.com/kyliejenner: UGC

Кайли карантин кезінде өзін оқшаулаудың орнына көше кезіп жүргенде камераға түсіп қалды.

Ол Беверли-Хиллз көшесінде тұратын құрбысы Стасси Караниколауға бара жатқан.

Төтенше жағдай кезінде ару көпшілікке бет бояуынсыз және сәнді киімсіз шыққан.

Оның орнына Кайли спорттық киім киіп, шашын түйе салып, далада жалаң аяқ жүріпті.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасының бір мүшесін мүлде танымай қалған. Сондай-ақ, олар Кайлидің қалай ғана осынша өзгергенін түсіне алмады.

Осыдан кейін олар фотошоп пен косметиканы көп қолданғанның арқасында ғана инста-жұлдыз сұлу болып жүрген деген шешімге келді.

Десе де, оқырмандар киген киіміне қарамастан бойжеткеннің бақытты екенін байқаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін карантин кезінде макияжсыз селфи жасаған әйгілі жұлдыздардың жанкүйерлерін таңғалдырғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1852642-demni-e-zas-milliarderi-ri-zeli-zldyzy-karantin-kezinde-adam-tanymastaj-zgergen/

pixel