Выйти
RU

ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін таңертең Көкшетаудан Шығыс Қазақстанға "Семей Орманы" резерватындағы ірі өртті өшіру үшін әлемде ең үлкен болып саналатын МИ-26Т тікұшағы жіберілді. Ол ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне тиесілі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ШҚО-дағы орман өртін өшіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді

Фото: facebook.com/s.dildakhmet

Жақында ауыр көпмақсатты МИ-26Т тікұшағы Алматыдан Көкшетауға келді. Оны өңірде ауыр қол жетімді жерлердегі өртпен күресу мақсатында пайдаланбақ болған.

Бұл ұшу аппараты өзін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюда тамаша құрал ретінде көрсеткен.

ШҚО-дағы орман өртін өшіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді (видео)

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Бірақ қазіргі жағдайда тікұшақ кешеден бері орманы өртке оранған Шығыс Қазақстанға көбірек қажет болып тұр.

ҚР ІІМ ТЖК хабарлауынша, тікұшақ бірден 10 тонна су құя алады және "Семей Орманы" резерватындағы өртті де солай сөндіруге тырыспақ.

ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді (видео)

Фото: facebook.com/s.dildakhmet

Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестеріне Көкшетау гарнизонынан 30 адам жіберілді.

ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді (видео)

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Жақында өрт аумағы 100 гектар жерді алып жатқаны хабарланған еді. ЭГТБМ комитеті баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің мәліметінше, 23 сәуір күні өртпен күреске Ми-2 және Ми-8 тікұшағы және басқа техникалар мен адамдар жұмылдырылған.

ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді (видео)

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Айта кетейік, жуырда он адамды өрттен құтқарған қазақ жігітіне Оңтүстік Корея билігі арнайы виза береді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді (видео)