Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Дос-Мұқасан» ансамбілінің әншісі қайтыс болды

Опубликовано:

Қазақстандық танымал "Дос-Мұқасан" ансамблінің мүшесі Хамит Санбаев қайтыс болды. Топ әншісінің қазасы туралы ұжымның ресми Instagram парақшасында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dos_mukasan_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dos_mukasan_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Ансамблдің негізін қалаушылардың бірі, өте ақкөңіл азамат Хамит Санбаев өмірден өтті. Орны толмас қаза. Мұндай адамдар туралы "Сенімен бір дәурен де кетті. Артынан көп нәрсе қалдырып кетті" деп айтып жатады.
Хамит мәңгі біздің жүрегімізде! Әрдайым ол үшін дұғада боламыз. Иманды болсын" , - деп жазылған хабарламада.

"Дос-Мұқасан" тобы 1967 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті жанынан құрылды.

  • Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған.

Хамит Санбаев  1967-1972 жылдары топтың құрамында өнер көрсеткен.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Хамит Санбаевтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1852653-dos-mkasan-ansambilini-nsisi-kajtys-boldy/

pixel