Выйти
RU

Ақтауда вирус жұқтырған жезөкшелермен алты бірдей полицей байланысқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтауда тәртіп сақшылары мен шетелдік жезөкшелерге қатысты шулы оқиға жайлы тың деректер пайда болды. Дәлірек айтқанда, коронавирус инфекциясын жұқтырған жеңіл жүрісті қыздармен алты полицей байланысқан болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтауда COVID-19 жұқтырған жезөкшелермен алты полицей байланысқан

Көрнекі фото. pixabay.com

Жақында жемқорлықпен күресушілер Ақтаудағы полицейлердің заңға қайшы әрекеттерінің жолы кесілгенін мәлімдеді. Тәртіп сақшылары "COVID-19 анықталған екі жезөкше қызмет көрсететін ордаларды жасырған" деген айыпқа ілінді.

Агенттіктегілердің мәліметіне сәйкес, карантинге қарамастан, қалада жеңіл жүрісті қыздар қызмет көрсетуін жалғастырған. Олардың әрекетін құқық қорғау қызметкерлері жасырып отырған.

Одан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пайымдауынша, полицейлер коммерциялық секс жұмысшыларына коронавирус жұқтырған клиент келгенін біле тұра ешқандай алдын алу шарасын қабылдамаған.

Нәтижесінде өз қызметін асыра пайдаланғаны және пара алғаны үшін төрт қызметкер лауазымынан айырылып, құқық қорғау органдарынан жұмыстан қуылды.

Енді қалада интим қызмет көрсеткен тағы 10 жезөкшелер ордасы анықталып, 15 шетелдік жеңіл жүрісті қыз қолға түсті.

Lada.kz басылымы қазір басқа тұлғалар анықталып жатқанын жазады. Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент мәлімдеуінше, барлығы коронавирусқа тексерістен өткен. Қазір олардың қатысуымен тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Ведомство жеңіл жүрісті қыздармен байланысқан 87 адам оқшауланып жатқанын да хабарлады. Олардың алтауы-полиция қызметкерлері. Тәртіп сақшылары тексерістен өтті.

Оған қоса, осыған дейін өңірлік ПД коронавирус жұқтырған қос өзбекстандық арудың жезөкше екенін неге теріске шығарғаны да мәлім болды. Анықталғандай, ол уақытта департаменттегі ақпарат сондай болған, басшылық пен полиция қызметкерлері соңғы мәліметтерді кейінірек білген.

Өңірдегі жемқорлықпен күресушілердің сөзінше, көршілер арызданғанда, жезөкшелер мекенжайларын өзгертіп отырған. Осылайша, интим қызмет көрсететін 10 орын анықталған. Ал полицейлер қыздардан қамқорлық танытқаны үшін ақша алған уақытта байланысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда вирус жұқтырған жезөкшелермен алты бірдей полицей байланысқан