Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серікбол Сайлаубек алғаш рет әйелін және жанұясын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің бірі Серікбол Сайлаубек жанұясының толық құрамымен сұхбат беріп, алғаш рет көпшілікке әйелін көрсетті. Отбасылық өмірі жайында көп айта бермейтін әнші бұл жолы ағынан жарылып, балаларының анасы туралы тың мәліметтермен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

Фото: Instagram/serikbol_sailaubek/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/serikbol_sailaubek/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Серікбол Сайлаубек сұхбат барысында барша көрерменге жұбайын таныстырып өтті.

Оған қоса, өнер иесі коронавирус салдарынан енгізілген карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын көрсетті.

Белгілі болғандай, әнші отбасымен бірге Талдықорған қаласына көшіп кеткен екен.

"Бәрі тамаша. Бала-шағамен үйде отырмыз. Бұл да дұрыс шығар. Балаларыма көп көңіл бөлмей кетіп едім.

Енді Алла қалауымен осылардың қасындамын. Бар уақытымды арнауға тырысып жатырмын. Төрт балам бар. Жарымның есімі - Альмира. Үй шаруасында.

Біз ерте үйлендік. Отасқанымызға міне 12 жыл болды.

Біз анамның қалауы бойынша Талдықорғанда үлкен үй салып, осында көшіп келдік. Бұл қала өте тыныш. Бұл жерде шынымен демаласың.

Туған жерім болған соң, бұл жер маған аса ыстық, ауасы да таза. Осы қалада жанұяммен емін-еркін өмір сүріп жатқан жайымыз бар." , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы алғаш рет жолдасымен бірге сұхбат берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1852678-serikbol-sajlaubek-algas-ret-jelin-zne-zanasyn-krsetti-foto/

pixel