Выйти
RU

Алматыда жабылған ОҚКА дәрігерлері мен науқастары қазір қайда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасы өз жұмысын уақытша тоқтатуына байланысты науқастар мен қызметкерлер емді басқа клиникалардан қабылдауға мәжбүр болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жабылған ОҚКА дәрігерлері мен науқастары қазір қайда

Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында ОҚКА науқастары №4 ҚКА және №7 ауруханаға жіберілгенін мәлімдеді. Алғашқысында бөлімдердің бірі карантинге жабылған. Соған қарамастан, ауруханада орын жетіспеушілігі жоқ.

"Жоспарлы емдеудің уақытша тоқтауына байланысты №4 ҚКА-да оңалту, эндопротездеу және соматикалық бөлімшеде емделушілер өте аз. Орын жетеді",- деп сендірді ведомтсво.

Ал коронавирвс анықталмаған ОҚКА медицина қызметкерлері қазір жұмыс істеп жатқан жоқ. Олар байланысқан тұлғалар болғандықтан, кем дегенде өздігінше оқшаулауда жатыр.

Айта кетейік, Алматының экс- бас санитар дәрігері ақ халаттылардың коронавирус жұқтыруына қатысты пікір білдіріп, медициналық ұжым бұл жағдайға өздері кінәлі екенін басып айтқан болатын. Ол дәрігерлер қажетті қауіпсіздік шараларын дұрыс ұстанбаған деп мәлімдеген еді.

Молдағасымованың бұл мәлімдемесіне шүйліккен медицина қызметкерлері сот органдарына жүгінуді жөн көрген.

Көп ұзамай Айзат Молдағасымова Алматының бас санитар дәрігері қызметінен кетті.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жабылған ОҚКА дәрігерлері мен науқастары қазір қайда