Выйти
RU

Қазақстанда биыл елорда күні атап өтіле ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәдениет министрлігінің басшысы биылғы жылы Нұр-Сұлтанда қала күні атап өтіле ме деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда биыл елорда күні атап өтіле ме

Көрнекі фото: Максима Золотухин

Ақтоты Раимқұлова биылғы жылы астана күні атап өтіле ме немесе коронавирус пандемияcына байланысты мереке кейінге қалдырыла ма деген сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, бұған дейін көптеген іс-шаралар, соның ішінде концерттер жоспарланып қойған екен.

Мерекенің тойланатыны не тойланбайтыны сол кезеңдегі эпидемиологиялық жағдайына байланысты болады.

"Бұл қазір қандай шаралар қолданылатынына және карантиндік жағдайға байланысты болады. Осыған байланысты біз жоспарларымызды түзетеміз. Бірақ қала қонақтарын және тұрғындарды офлайн жобаларымызбен қуанта аламыз деп үміттенеміз. Сондай-ақ, көптеген жобалар онлайн форматқа өтті", - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, осы уақытқа дейін шамамен 15 миллион көрерменді қамтитын 30 онлайн-концерт өткізілген.

Айта кету керек, елорда күні 2006 жылдың 6 шілдеден бастап атап өтіліп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирусқа байланысты барлық қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда биыл елорда күні атап өтіле ме