Выйти
RU

Ғалымдар Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын болжады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық эпидемиологтар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен өткен бейнеконференция кезінде коронавирус инфекциясының екінші толқыны күзде басталады деп болжам жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ғалымдардың пікірінше, коронавирус инфекциясының екінші толқыны күзде басталған жағдайда, тұмау эпидемиясымен тұспа-тұс келеді.

Олар тұмауға қарсы вакцинаны көп адам алудың өте маңызды екенін алға тартты.  

"Маусымдық болжамды әзірге ешкім жоққа шығарған жоқ, дегенмен маусымдық – бұл тұмау маусымы сияқты қатты болмайды. Коронавирус инфекциясы жазда да, күзде де жалғасады деген болжам жасалып отыр", - деді Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық академиясы ректорының зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Бауыржан Жүсіпов.

Қазақстандық ғалымдар COVID-19 инфекциясын зерттеу үшін биоматериал банкін құруды сұрады.  

Кездесу барысында Елжан Біртанов жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылуы мүмкін екенін жасырмады.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2334-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғалымдар Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын болжады