Выйти
RU

Коронавирус: Қазақстанда бір тәулікте үшінші өлім жағдайы тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында 64 жастағы Ресей азаматшасы коронавирустан қайтыс болды. Бұл- бүгіндікке тіркелген үшінші өлім деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан бір тәуліктегі үшінші өлім тіркелді

Көрнекі фото: pixabay.com

Қайғылы жағдай бүгін, 24 сәуір күні тіркелді.

"Науқас 64 жаста болған. 15 сәуір күні жедел жәрдем қызметі арқылы ауруханаға жеткізілген. Аса ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылды. Өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылды, қосжақты пневмония арқылы асқынған коронавирустың бар екені анықталды.
Дерт өкпенің созылмалы ауруымен, қант диабетімен асқынды. Науқас емді хаттама арқылы қабылдады, күнде дәрігерлер кеңесі өткізілді.
Емге қарамастан, науқаста полиағзалық жеткіліксіздік белгілері байқалды. Сағат 10:40- та оның жүрегі тоқтады. Жақындары мен туыстыраны көңіл айтамыз. Марқұм Ресей азаматшасы болған",- деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен брифингте.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында 1968 жылы туған азамат коронавирустан қайтыс болды. Қазіргі таңда үшінші мегаполисте тіркелген қайғылы жағдайлар саны төртке жетті.

Көп ұзамай оңтүстік астанада қауіпті дерттен 1957 жылы туған науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Бүгінге Алматыда КВИ-ден қайтыс болғандар саны 7.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Қазақстанда бір тәулікте үшінші өлім жағдайы тіркелді