Выйти
RU

"Індет ойдан шығарылмаған": Біртанов ел тұрғындарын сабырға шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі коронавирус індетімен күресіп жүрген қазақстандық дәрігерлерге деген ризашылдығын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы Елжан Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Ол Ләззат Ақтаева мен Қазақстанның жетекші медицина қызметкерлеріне, барлық әріптестеріне коронавирус инфекциясын диагностикалау мен емдеудің тиімді әрі сәтті қолданылған клиникалық хаттамасын әзірлегендері үшін ризашылық білдірді.

"Еліміздің әртүрлі өңіріндегі індетпен қазіргі уақытта күресіп жатқан барлық әріптесімен рақмет. Індет ойдан шығарылмаған, ол өкінішке қарай әлі де жалғасуда. Бірақ, медицина қызметкерлерінің, сонымен қатар еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің түрлі учаскелерін басқарып жүрген әріптестерімнің жанқиярлық еңбегінің арқасында әзірше індет бақылауда тұр.
Сол себепті барлықтарыңыздан парасатты болуды, медицина қызметкерлері мен биліктің ұсыныстарын орындауды тағы да өтінемін. Бұл мәжбүрлі уақытша шектеулер", - деді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2334-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Індет ойдан шығарылмаған": Біртанов ел тұрғындарын сабырға шақырды