Выйти
RU

Қоластындағы қызметкерлері пара алғаны үшін Ақтөбеде екі бірдей лауазымды полицей қызметінен кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында қызметкерлері жемқорлық әрекетке барған екі бірдей полиция бөлімінің жауаптылары жұмысынан босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарамағындағылар пара алғаны үшін Ақтөбеде қос бастық қызметінен кетті

Фото: NUR.KZ

Бұл жағдайда президенттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға енгізген түзетулері есепке алынған.

Заң бойынша енді қол астындағы қызметкерлерінің жасаған жемқорлық әрекеттері үшін олардың басшылары жауапқа тартылатын болады.

Осылайша, кадр мәселесі бойынша аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары мен Мұғалжар полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы қызметінен кеткен.

Бұл жағдай аталмыш полиция бөлімінің инспекторын сот кінәлі деп таныған соң орын алған. Яғни полиция қызметкері тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 40 мың теңге пара алды деп айыпталған.

Сот үкіміне сәйкес, кінәлі деп танылған экс-полицейдің өзі 1 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы №3 Алматы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторына қатысты сот үкімі де өз күшіне енген болатын.

Аталған полиция бөлімінің басшысы да қызметінен босатылды. Оның орынбасарына қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту берілген.

"Учаскелік инспектор жұмысқа тұруға оң мінездеме жазып беруге өтініш қылған азаматтан "рақметі" ретінде 20 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл қылмыс ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының назарына ілініп, полицей құрықталды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Наурыз айының соңында сот үкімі шықты. Полицей кінәлі деп танылуымен қатар, 1 200 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, белгіленген қызметпен айналысу құқығынан айырылды", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Одан бөлек, ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің "Еңбек" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшыларының бірі жұмысынан босатылды.

Оның қармағындағы қызметкері – "Еңбек-Ақтөбе" филиалының директорының міндетін атқарушы, тергеу деректеріне сәйкес, қамқорлық танытқаны үшін жеке кәсіпкерден 700 мың теңге көлемінде пара алған.

Қазіргі кезде қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Еске сала кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысындағы ауыл әкімдеріне қатысты тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қоластындағы қызметкерлері пара алғаны үшін Ақтөбеде екі бірдей лауазымды полицей қызметінен кетті