Выйти
RU

"Роналду екінші орында": Соңғы 25 жылдағы үздік футболшының есімі белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Англияның FourFourTwo журналы соңғы 25 жылдағы үздік футболшылардың рейтингін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport-қа ілтқеме жасап.

Фото: Футболшылардың Instagram желісіндегі парақшасы

Фото: Футболшылардың Instagram желісіндегі парақшасы

Тізімді "Барселона" клубы мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси көш бастап тұр. Ол - әлемде "Алтын доп" жүлдесін алты рет жеңіп алған жалғыз футболшы.

Ал туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштану Роналду - екіші орында. Сұрмерген "Алтын допты" бес рет жеңіп алған.

Үздік футболшылардың үштігін "Реал" мен "Ювентус" клубтары мен Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Зинедин Зидан қорытындылады.

Одан кейінгі орында бразилиялық сұрмерген Роналдо тұр. Шабуылшы "ПСВ", "Барселона", "Интер", "Реал" клубтарында доп тепкен.

Рейтингтің бесінші сатысына көптің көзайымына айналған Роналдиньо жайғасқан.

Ол "Барселона" клубы мен Бразилия құрамасында ойнаған.

Алтыншы орынға Франция құрамасы мен "Арсенал", "Барселона" клубтарын да доп тепкен Тьерри Анри жайғасты.

Тізімнің жетінші-сегізінші сатысын Испания құрамасы мен "Барселона" сапында жасындай жарқылдаған Хави мен Андрес Иньеста бөлісті.

Тоғызыншы және оныншы орында Италияның футбол аңыздары Паоло Мальдини мен Роберто Баджо тұр.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, осыған дейін FourFourTwo журналы үздік қақпашылардың рейтингін жариялаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Роналду екінші орында": Соңғы 25 жылдағы үздік футболшының есімі белгілі болды