Выйти
RU

Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 24-ке жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында тағы бір адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмды. Бұл оңтүстік астанада коронавирустан қайтыс болған сегізінші науқас деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Белгілі болғандай қайтыс болған ер адам 1945 жылы дүниеге келген. Әзірге марқұмға қатысты өзге ақпараттар айтылмады.

Айта кетейік, бұл елімізде коронавирустан болған 24-ші өлім жағдайы.

Бұған дейін 3 адам Нұр-Сұлтан қаласында, 7 адам Алматы қаласында, 4 адам Шымкент қаласында, 4 адам Ақмола облысында, бір адам Шығыс Қазақстан облысында, бір адам Қарағанды облысында, бір адам Қостанай облысында, бір адам Павлодар облысында және бір адам Түркістан облысында көз жұмған еді.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 2334-ке жеткен. Оның 568-сі вирусты жеңіп, ауруханадан шыққан.

Ал әлемдегі жағдайға келсек, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны қазірдің өзінде 2,7 миллионнан асқан.

190,5 мыңға жуық пациент COVID-19-дан көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан жазылғандардың саны күн сайын өсіп жатқанын да мәлімдеді. Соңғы деректерге сенсек, жаһанда 734 мыңға адам COVID-19-дан айыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 24-ке жетті