Выйти
RU

Бүгін Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Elbasy.kz

Фото: Elbasy.kz

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында парақшасында жазды.

"Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді", - деді ол.

Еске сала кетсек, Қауіпсіздік Кеңесінің соңғы отырысы 11 ақпан күні елордада өтті. Ол жиында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздік мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағына коронавирус инфекциясының ену қаупі де сол уақытта айтылған болатын.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 2334-ке жеткен. Оның 568-сі вирусты жеңіп, ауруханадан шыққан.

Ал елімізде қауіпті дерттен көз жұмғандардың саны 24 болды. Бүгін коронавирус инфекциясынан Алматы қаласында екі науқас, Шымкент қаласында бір науқас, Нұр-Сұлтан қаласында көз жұмған.

Ал әлемдегі жағдайға келсек, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны қазірдің өзінде 2,7 миллионнан асқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бүгін Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді