Выйти
RU

Алматыда коронавирустан көз жұмған 8 науқас жайлы тың мәліметтер пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оңтүстік астанада коронавирустан қайтыс болған сегізінші науқасқа қатысты мән-жайды айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустан көз жұмған 8-адамға жаңа деректер шықты

Фото: pixabay.com

Ведомство ақпаратына сәйкес, өлім жағдайы бүгін, 24 сәуір күні тіркелген.

"Науқас 1945 жылы дүниеге келген. 12 сәуір күні ол COVID-19 диагнозымен жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Науқаста жүректің ишемиялық ауруы, артериалық гипертония, алдыңғы ми артериясының аневризмасы, созылмалы пиелонефрит, екіжақты пневмония сынды сырқаттары болған. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанымен, өте ауыр халде болған", – деп хбардар етті қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда коронавирустан қайтыс болған 7-адамға қатысты жаңа деректер шыққанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, бүгін Шымкент пен Нұр-Сұлтан қаласында науқастар коронавирустан көз жұмған белгілі болды.

Осылайша 24 сәуірде елімізде COVID-19 инфекциясынан көз жұмған 4 адам анықталып отыр.

Жалпы соңғы деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2334-ке жеткен. Оның 602-і вирусты жеңіп, ауруханадан шықса, 24-і қайтыс болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирустан көз жұмған 8 науқас жайлы тың мәліметтер пайда болды