Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдар карантин режимін бұзғаны үшін құрықталды (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ернар Айдар елімізде енгізілген карантин режимін бұзғаны үшін құрықталды. Өнер иесі бір бөлмеде он екі адаммен жиналып, тікелей эфир кезінде ұтыс өткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ernaraidar_kz. Скриншот: YouTube-канал polisia.kz
Фото: Instagram/ernaraidar_kz. Скриншот: YouTube-канал polisia.kz: Twitter

Ернар Айдар мен оның қасындағы он екі адам онлайн-трансляция арқылы ұтыс өткізбек болған. Алайда, олар карантин уақытына енгізілген қауіпсіздік ережелеріне қарамастан, барлығы бір бөлмеге жиналған деп хабарлайды polisia.kz.

Нәтижесінде бір топ азаматты экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады. Анықталғандай, полиция бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға ғана құзырлы.

Оқиғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары алматылық сотқа жіберілді. Желіде ұсталған азаматтардың кешірім сұрап жатқан видеосы тарап кетті. Бейнежазбада олар келесіде мұндай жағдайды қайталамауға уәде берген.

Полиция ТЖ және карантин режимдерін бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын және нәтижесінде – 10 АЕК айыппұл салудан 15 тәулікке дейін қамауға алынатындығын ескертуде.

Коронавирус пандемиясы салдарынан ел аумағына ТЖ режимі енгізіл, кей қалалардың карантинге жабылуына қарамастан, көптеген қазақстандықтар оқшаулау шарарын ұстанып жүрген жоқ.

Мәселен, жақында Алматы облысында ТЖ режимін сақтамаған бір топ адам ұсталды. Қапшағай тұрғындары карантин кезінде туған күн тойлаған болып шықты. Шектеу талаптарына бағынбағандар жауапкершілікке тартылып жазаланды.

Отандық шоу-бизнес өкілдері де желіде көпшілікті үйде отыруға шақырса да, ТЖ режимін өздері бұзып жүр. Өткен аптада тележүргізуші Аша Матайдың жолдасы, әнші Арман Қоңырбаев Алматыдағы ТЖ кезінде лаундж-барлардың бірінде көңіл көтергені үшін құрықталған болатын.

Өнер иесі барған мейрамхана тек сенімді клиенттерін кіргізіп, өз жұмысын жалғастырып келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1852742-ernar-ajdar-karantin-rezimin-bzgany-sin-kryktaldy-video/

pixel