Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады

Опубликовано:

Мамыр айының бірінші жартысында елімізде үш бірдей маңызды мереке атап өтіледі. Қазіргі кезде елде төтенше жағдай режимі енгізілгендіктен кейбір азаматтар мәжбүрлі еңбек демалысында жүргеніне қарамастан, қазақстандықтар мереке күндері қосымша демалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады
Фото: NUR.KZ: Original

Мамыр айында ел тұрғындары 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнін атап өтеді.

Биыл 1 мамыр аптаның жұмасына түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтар қатарынан 1, 2, 3 мамыр күндері демалады.

Ал 7 мамыр бейсенбіге, 9 мамыр болса сенбі күнге дәл келіп тұр. Еліміздің заңнамасына сәйкес, мемлекеттік мереке сенбі немесе жексенбімен қатар келген жағдайда, демалыс күндері тағы бір күнге созылады.

Осылайша, Жеңіс күніне берілетін демалыс 8 мамырға көшірілді, демек қазақстандықтар 7, 8, 9 және 10 мамыр күндері демалады.

Еске сала кетейік, осы жылы коронавирус пандемиясына байланысты жаппай қыдыру мен салтанатты жиындар болмайды.

Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты 30 сәуірге дейін Төтенше жағдай жарияланған.

Келесі аптада перзидент коронавирус жағдайына қатысты тағы да үндеу жариялайтынын айта кетейік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852751-kazakstandyktar-mamyr-ajynda-nese-kn-demalady/

pixel