Выйти
RU

Маңғыстау облысында коронавирустан әскери қызметкер қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан тағы бір адам қайтыс болды. Бұл жолы қайғылы жағдай Маңғыстау облысында тіркелген деп хабарлайды өңірдің бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облысында коронавирустан әскери қызметкер қайтыс болды

Фото: pixabay.com

Сыдымановтың мәліметінше, облыста коронавирустан алғаш көз жұмған адам – Мұнайлы ауданы Батыр ауылының 40 жастағы тұрғыны.

Марқұм әскери адам болған. Ол Ақтауда көшелерді дезинфекциялау жұмысына қатысқан.

Ол 4 күн бұрын жоғары дене қызуы мен тамағы жыбырлайтынын айтып, дәрігерге барған.

Оған дейін бір апта бойы өзі емделуге тырысқан.

Дәрігерлерге қаралғаннан кейін ер адамнан пневмония анықталған.

Бұған дейін марқұмның коронавирусқа екі мәрте тест тапсырғаны айтылды. Бірінші сынама нәтижесі теріс болып, тек қайта жасалған тест инфекцияның барын растаған.

Қазіргі таңда онымен жақын байланыста болған адамдардың барлығы анықталып, карантинге жатқызылған.

Айта кетейік, бұл елімізде коронавирустан болған 25-ші өлім жағдайы.

Ал жалпы бүгін елімізде коронавирустан қайтыс болған 5 адам тіркелді.

Олардың екеуі Алматы, бірі Шымкент, бірі Нұр-Сұлтан қаласы мен бірі Маңғыстау облысынан.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Елордада көз жұмған науқас Ресей азаматшасы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстау облысында коронавирустан әскери қызметкер қайтыс болды