Выйти
RU

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметінен уақытша шеттетілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметінен уақытша шеттетілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметінен уақытша шеттетілді

Көрнекі фото: pixabay.com

Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Сайын Шомиров қызметінен уақытша босатылғанын хабарлады.

Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасында медициналық мекемеде COVID-19 инфекциясының таралуына жол берілуі фактісіне байланысты комиссия құрылған.

Бұған дейін, 31 наурызда медициналық қызметкерлер арасында коронавирус жұқтырудың 10 дерегі, науқастар арасында 12 дерек анықталған.

Кейін бас дәрігердің шешімімен науқастар мен ақ халаттылардың коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты аурухана 8 сәуір күні карантинге жабылған болатын.

"Қазір арнайы комиссия аурухана басшылығының Covid-19 инфекциясын жұқтырудың алғашқы және кейінгі фактілерін тіркеу кезіндегі іс-әрекетін тексеруде. Комиссия жұмысының нәтижесімен бас дәрігерді қызметінен уақытша босату немесе қызметінен босату туралы шешім қабылданады", – деп хабарлады жедел штаб.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизовтың қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметінен уақытша шеттетілді