Выйти
RU

Тараз қаласының 86 жастағы тұрғыны коронавирустан айықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясынан айыққан 86 жастағы әжей ауруханадан шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомство мәліметінше, 24 сәуір күні стационардан екі адам емделіп шыққан.

Олардың бірі, 1985 жылы туған, КВИ тасымалдаушысымен байланыста болғандығы үшін ауруханаға жатқызылған.

"Жуырда қызы Нұр-Сұлтан қаласынан келген Тараз қаласының 1934 жылы туған тұрғыны да дертті жеңіп шықты.Қарт әйел шұғыл емдеу үшін қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Одан коронавирус инфекциясына алынған қан талдауы оң нәтиже көрсеткен", - делінген хабарламада.

Отадан кейін әйел облыстық көп бейінді аурухананың жұқпалы аурулар блогына ауыстырылған. Емдеу шараларының нәтижесінде ол дерттен айықты.

Жалпы аймақта коронавирустан 42 адам емделіп шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тараз қаласының 86 жастағы тұрғыны коронавирустан айықты