Выйти
RU

42500 теңгені қанша қазақстандық қайтарып берген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай елімізде 164 730 азамат өз еркімен 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қайтарып бергенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Бүгінгі таңда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 4 миллион 192 мың 234 қазақстандыққа төлем тағайындады. Ал біздің әріптестер 4 миллион 54 мың 417 азаматтың шотына ақша аударып үлгерді. Айырмашылық үлкен емес, яғни дәл қазір 98 пайызы 42 500 теңге алды", - деді Жұманбай.

Оның сөзінше, әлеуметтік жәрдемақы алғандардың кейбірі шотқа түскен ақшаны кері қайтарған.

"Қазіргі уақытта 164 730 қазақстандық өз еркімен әлеуметтік жәрдемақыны қайтарып берді", деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42 500 теңгені екінші рет кімдердің алмайтынын хабарлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42500 теңгені қанша қазақстандық қайтарып берген