Выйти
RU

Тіс жұлдырса ораза бұзыла ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі "тіс жұлдырса ораза бұзыла ма" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тіс жұлдырған кезде тамаққа ештеңе өтпесе, ораза бұзылмайды. Бұған ханафи мәзһабына қатысты "Раддул мұхтар"Б атты кітабындағы мына сөз дәлел:

"Тістерінің арасынан қан шығып, тамағына барса, яғни ішке өтпесе, ауызы ашылмайды. Бірақ тамақтан ішке өтсе де, қан түкіріктен басым не бірдей болса, немесе қанның дәмін сезсе, ораза бұзылады. Егер қан түкіріктен аз болса, ораза бұзылмайды".    

Еске сала кетсек, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін жеткізді. Дегенмен ораза ұстамаса болатын санатқа кіретін жандарды айтып өтті.

"Жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сонымен қатар жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді", - деді бас мүфти.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Сондай-ақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны белгілі болды.

Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тіс жұлдырса ораза бұзыла ма