Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Қордағы қаржы шексіз емес, ең қиын жағдайда ғана пайдалану керек

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция режиміндегі кездесу барысында коронавирус індетіне қарсы күрестегі стратегиялық мәселелер, сондай-ақ ел экономикасын қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму мәселелері қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының сайтына сілтеме жасап.

Назарбаев: Қордағы қаржы шексіз емес, ең қиын жағдайда ғана пайдалану керек
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Елбасының ресми сайты: Depositphotos

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы мемлекет пен қоғамда болатын өзгерістерге тоқталды.

"Біріншіден, барлық ел өздерінің экономикалық стратегияларын қайта қарап жатыр. Мұнда өзін-өзі қамтамасыз ету, өзіне тиеслі ресурстарға үміт арту, өндіріс пен қаржылық тізбектің сенімділігі алғашқы орында болады.

Екіншіден, жаңа салалық басым бағыттар қалыптасады. Тиімсіз секторлар мүлде жойылып кетеді. Экономикалық өсімнің көшін тың салалар бастайын деп тұр. Олар экономиканы ілгерілетіп, адамдарды жұмыспен қамтиды.

Үшіншіден, барлық ауқымды дағдарыстар технологиялық және экономикалық әлемдік тәртіптің циклдік өзгеруімен байланысты. Қазір ескі модельдің күйрегенін көріп отырмыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін Қазақстанда барлық қажетті ресурстар бар екенін атап өтті.

"Өткен жылдары біз шикізатқа тәуелділікті азайту үшін табанды жұмыс істедік. Сондықтан дамудың барлық негізгі бағыттары бойынша арнайы бағдарламалар әзірленді.

Индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылды. Оларға үлкен ресурс бөлінді.

Біз Ұлттық қорға қомақты қаражат жинадық.

Енді дағдарыс кезінде оның елге пайдасы тиіп жатыр. Алайда қордағы қаржы шексіз емес, оны үнемді және ең қиын жағдайда ғана пайдалану керек", - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1852826-nazarbaev-kordagy-karzy-seksiz-emes-e-kiyn-zagdajda-gana-pajdalanu-kerek/

pixel