Выйти
RU

Атырауда былапат сөйлеп, елдің мазасын алған азамат қыруар айыппұл арқалады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырауда былапыт сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген тұрғынға 125 мың теңге айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау қаласының тұрғыны боқтық сөздермен жәбірленушінің тыныштығын бұзған. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының қызметтік міндетін атқаруына кедергі келтірген.

«Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігін және 478-бабын бұзған азамат Х.В.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы азамат 19 сәуір кешкі сағат 19:40 шамасында Атырау қаласындағы Әліпов көшесінде азаматша А.-ға былапыт сөйлеп, қоғамдық тәртiптi және жәбірленушінің тыныштығын бұзған.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндетін атқаруына кедергі келтірген», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сотта айыпталушы азамат өз кінәсін мойындап, ішімдік ішкенін және масаң күйде әрекетіне есеп бере алмағанын айтқан.

Құқық бұзушы сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 125 010 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда былапат сөйлеп, елдің мазасын алған азамат қыруар айыппұл арқалады