Выйти
RU

Әскери институт есепшісінің 28 млн теңгеге жуық қаржы жымқырғаны әшкереленді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

CҚО-да Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты Әскери институттың есеп айырысу бөлімінің есепшісі 27,8 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ррррр

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы облыстық тергеу жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Сергей Потанин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қылмыс 2014 жылдың шілдесінен 2019 жылдың мамырына дейін жасалған.

Тергеу күдіктінің Әскери институттың қаржы бөлімдерінде ұзақ уақыт қызмет еткенін және бос лауазымдар есебінен ай сайын бюджет қаражаты үнемделетінін білгенін анықтады.

"Ол әскери және азаматтық қызметшілердің жеке деректерін өзінің, жұбайының, сол институтта әскери қызметте тұратын достары мен таныстарының деректерімен алмастырған. Ол төлем жасау тізіміне әдейі жалған мәлімет енгізген", - деп ақпарат берді Потанин.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тікелей басшылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармауы, бағынышты қызметкерлерге ведомстволық бақылаудың болмауы осыншалық ұзақ уақыт бюджет қаражатын жымқыруға ықпал еткенін атап өтті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әскери институттың кінәлі тұлғаларын өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны және бағынышты қызметкерлерге ведомстволық бақылау жасамағаны үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарауды ұсынады", - деп түйіндеді Потанин.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әскери институт есепшісінің 28 млн теңгеге жуық қаржы жымқырғаны әшкереленді