Выйти
RU

"Теңіз" кенішінің 10 жұмысшысы коронавирус инфекциясын жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы мәліметтер бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам тіркелген. Олардың бәрі "Теңіз" кен орнының жұмысшылары болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Теңіз" кенішіндегі 10 жұмысшыдан коронавирус инфекциясы анықталды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы коронавирус бойынша Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

"Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам туралы ақпарат:
COVID-19 вирусын жұқтырған 10 адам Теңіз кен орнының жұмысшылары. Оның ішінде тоғызы 1996, 1992, 1983, 1992, 1993, 1980, 1979, 1970, 1960 жылдары туған ер адамдар, ал біреуі 1989 жылғы әйел адам", - делінген ресмихабарламада.

Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған.

Науқастардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды.

Қазіргі таңда бұл жұмысшылар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы анықталып, олар медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

25 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 98 адам анықталды. Жазылып шыққандар — 35.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Теңіз" кенішінің 10 жұмысшысы коронавирус инфекциясын жұқтырған