Выйти
RU

БАҚ: Өзбек билігі кәсіпкерлерді қайырымдылық жасауға мәжбүрлеуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда карантин кезінде кәсіпкерлер "ықтиярлы мәжбүрлеу" тәртібінде мұқтаждарға қайырымдылық көрсетіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.КZ Centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

ррррр

Фото: Centralasian.org

Бұхара облысындағы саудагерлердің бірі жергілікті билік өкілдері одан жәрдем сұрағанын, бас тартқан жағдайда проблема туындауы мүмкін екенін ескерткенін айтады.

"Мұқтаждарға жәрдем беруге мәжбүрлеп жатыр. Мен көмек көрсету орталығына 20 қап ұн, 5 қап күріш, 5 қап шекер және бір қорап өсімдік майын жеткізіп бердім", - дейді кәсіпкер.

Мемлекеттік салық комитетінің Жызақ облыстық басқармасының қызметкері болса қайырымдылық мақсатында жеті күннің жалақысын ұстап қалып жатқанын айтады:

"Тұрмысы төмен отбасыларға бір апталық айлығымызды аударуды талап етті. Қызметкерлердің көбі отбасын жалғыз асырайды. Олар бір апталық айлығынан қағылды", - деп ағынан жарылды ол.

Өзбек билігі болса карантин кезінде азаматтардың өз қалауымен көмек беріп жатқанын айтады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыға коронавируспен күресу үшін қорғаныс құралдары түрінде гуманитарлық көмек жеткізілгені туралы хабарлаған едік. Қала әуежайына Шанхайдан маска, респираторлар, қорғаныс костюмдер, көзілдірік пен инфрақызыл термометрлер әкелінді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ: Өзбек билігі кәсіпкерлерді қайырымдылық жасауға мәжбүрлеуде