Выйти
RU

5 млн дана жеткізілді: Елордада қай жерлерден маска сатып алуға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорда әкімдігі дәріханаларға қосымша 5 миллион медициналық маска жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 млн дана жеткізілді: Елордада қай жерлерден маска сатып алуға болады

Көрнекі фото: Beata Zawrzel/NurPhoto/Getty Images

Қалалық емханаларға онкологиялық аурулармен ауыратын, жүкті әйелдерге және 65 жастан асқан адамдарға 300 мың маска берілген.

Елбасының тапсырмасына сәйкес «Біргеміз» акциясы аясында 2 млн маска бөлінді. Олар 40 мың аз қамтылған отбасыға таратылады. Қазіргі таңда 1 млн 370 мың маска бөлініп берілген.

Республикалық еріктілер фронт-офисы ұйымдастырған «Біргеміз!» акциясы аясында елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратылды.

30 мың маска елорда тұрғындарына тегін берілді. Елордада медициналық масқа тігу өндірісі жолға қойылған.

Маска сатып алуға болатын мекен-жайлар:

Тұран даңғылы, 37; Достық, 18 (Москва БО); Сарыарқа даңғылы, 3 (Болашақ); Дінмұхамед Қонаев, 14/2 (Нұрсая); Ахмет Байтұрсынұлы, 3 (Хайвилл); Қабанбай батыр даңғылы, 21 (Азия парк); Бауыржан Момышұлы даңғылы, 16 (13 магистраль); Тәуелсіздік даңғылы, 21/4 (7Я ТК); Шәймерден Қосшығұлұлы, 3/1 ( №10 поликлиникаға қарсы); Мәңгілік Ел даңғылы, 19; Сарайшық, 5 (Лазурный Квартал); Қаныш Сәтбаев, 23/1; Жансүгірұлы, 8/1 (Аружан СОО); Мәңгілік Ел даңғылы, 53 («Promenade Expo-С» ТК); Мәңгілік Ел даңғылы, 35 ( «Триумфальная Арка» ТК); Ұлы Дала даңғылы, 6/1 (ЭКСПО Плаза); Александр Бараев, 21; Сауран, 3/1 (Сармат 1); Қайрат Рысқұлбеков, 16/3 (Достар-3); Кенесары, 47 (Империал); Иманбаева, 8; Жанайдар Жирентаев, 2 (поликлиника № 6, Майлина жақтан автобус аялдамасына қарсы); Мәлік Ғабдуллин, 16 (7 Континент); Сығанақ, 15 (Визит); Иманова, 50 (Қайнар БО); Алаш тас жолы, 23/1 (Алаш, Магнум); Тұран даңғылы, 55 д; Тәуелсіздік, 32.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
5 млн дана жеткізілді: Елордада қай жерлерден маска сатып алуға болады