Выйти
RU

"Аурухана толып қалған": Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбенің 56 жастағы тұрғыны карантин кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.   

"Аурухана толып қалған": Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды

Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер әйел адам жалған ақпарат таратқанын анықтаған.

"Аудио жазбада әйел Ресей Федерациясының шекарасынан Ақтөбеге қоғамдық көлікпен 500 адам әкелінгенін, ал бүгін тағы да бір топ студент жеткізілетіні жайлы ақпарат таратқан.
Сондай-ақ коронавируспен ауыратындардың саны статистикаға қарағанда әлдеқайда көп екенін және ауруханалар толып қалғанын айтқан. Алайда, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады Polisia.kz.

24 сәуір күні әйелге Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кінәліге 40 АЕК (111 120 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Атырауда былапыт сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген тұрғынға 125 мың теңге айыппұл салынғаны туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Аурухана толып қалған": Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды