Выйти
RU

39 науқас тіркелді: Елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны тағы да артты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде қауіпті дертке шалдыққан тағы 39 науқас тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2564-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

39 науқас тіркелді: Елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны тағы да артты

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы 2020 жылғы 25 сəуір сағат 17:45-тегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы:

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 39 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 10, Алматы қаласында – 21, Ақмола облысында – 1, Қарағанды облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Атырау облысында – 4", - делінген ресми хабарламада.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2564 адам анықталды.

Оның ішінде:

Алматы қ. – 814,

Нұр-Сұлтан қ. – 464,

Қызылорда облысы – 170,

Шымкент қ. – 161,

Қарағанды облысы – 113,

Атырау облысы – 108,

Жамбыл облысы – 103,

БҚО – 103,

Түркістан облысы – 98,

Ақмола облысы – 89,

Павлодар облысы – 89,

Алматы облысы – 86,

Ақтөбе облысы – 55,

Қостанай облысы – 39,

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

СҚО – 30,

Маңғыстау облысы – 26,

ШҚО – 16

Айта кетерлігі, бүгінге дейін елімізде 25 науқас коронавирустан көз жұмды. Соңғы өлім жағдайы Маңғыстау облысында тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
39 науқас тіркелді: Елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны тағы да артты