Выйти
RU

14 жасқа дейінгі 40 бала вирус жұқтырған: Бекшин ата-аналарға үндеу жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ата-аналардан балаларына ерекеше көңіл бөлуді сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

14 жасқа дейінгі 40 бала вирус жұқтырған: Бекшин ата-аналарға үндеу жасады

Жандарбек Бекшин. Фото: sputniknws.kz

«Өзін-өзі оқшаулау ережелерін қатаң сақтау керек. Сіздердің назарларыңызды мынаған аударғым келеді, соңғы уақытта коронавирус инфекциясын 14 жасқа дейінгі 40 бала жұқтырған.

Яғни, балалар ата-анасыз өздері далаға шығып ойнап, қыдырып келеді. Тіпті инфекция жұқтыру қаупі жоғары жерде жүруі мүмкін.

Сондықтан балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар. Үйден шығуға болмайды. Ата-аналар Сіздерден осыны қадағалауды сұраймын»,– деді онлайн брифинг барысында бас санитар Жандарбек Бекшин.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде қауіпті дертке шалдыққан тағы 39 науқас тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2564-ке жетті.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 39 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 10, Алматы қаласында – 21, Ақмола облысында – 1, Қарағанды облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Атырау облысында – 4", - делінген ресми хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
14 жасқа дейінгі 40 бала вирус жұқтырған: Бекшин ата-аналарға үндеу жасады