Выйти
RU

Коронавирус: Қазақстанда дерттен айығып шыққандар саны 645-ке жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда тағы 16 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Осылайша, отандық дәрігерлер бүгінге дейін барлығы 645 адамды аурудан айықтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус: Қазақстанда дерттен айығып шыққандар саны 645-ке жетті

Көрнекі фото: pixabay.сom

Бұл туралы коронавирус жағдайы бойынша мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

"Қазақстан дәрігерлері коронавирус инфекциясынан 645 адамды емдеді. Елімізде тағы 16 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Шымкент қаласында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Қызылорда облысында – 6, Атырау облысында – 7 адам емделіп, сауығып шықты", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде қауіпті дертке шалдыққан тағы 39 науқас тіркелді.

Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2564-ке жетті.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 39 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 10, Алматы қаласында – 21, Ақмола облысында – 1, Қарағанды облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Атырау облысында – 4", - делінген ресми хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Қазақстанда дерттен айығып шыққандар саны 645-ке жетті