Выйти
RU

Бисенбаева: Сәуір соңында Алматыда вирустан жазылатындар саны артады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева осы айдың соңында коронавирустан сауығып, үйіне шығатындардың саны артатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бисенбаева: Сәуір соңында Алматыда вирустан жазылатындар саны артады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин алдымен диагностикалық жұмыстар туралы айтты.

«Бүгінгі күні біз диагностикалық жұмыстарды заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып жүргіземіз. ПТР диагностикасы енгізілуде, қазіргі уақытта бұл жұмысқа алты зертхана тартылған, олардың екеуі жекеменшік.
Әрине, біз ПТР құрылғылары бар зертханаларды жұмылдырамыз. Осы әдіс бойынша 39 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Экспресс-диагностика бойынша 19,5 мыңнан астам зерттеу жасалды»,– деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол қалада белсенді түрде дезинфекция шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қала бойынша бір күн ішінде 8 мыңнан астам подъезге 1300 үй алаңдарында дезинфекция жүргізілген.

Бұл жұмыстардың барлығына 458 адам жұмылдырылған. Бұдан бөлек, қорғаныс қызметінің адамдары көшелерді, аялдамаларды, қоғамдық орындарды залалсыздандыруда.

Өз кезегінде, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева осы айдың соңында індеттен сауығып, үйіне шығатындардың саны артатын тілге тиек етті.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

«Алматы қаласы бойынша індеттен 90 адам жазылды. Науқастарды жаппай қабылдау 12 сәуірден басталды. Олар міндетті түрде 14 күндік емдеу курсын қабылдайды. Сәуір айының 28-29 күндері тест нәтижиелері шығады. Соған қарап пациентерді үйіне шығарамыз. Жазылғандардың саны артады деп күтілуде»,– деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бисенбаева: Сәуір соңында Алматыда вирустан жазылатындар саны артады