Выйти
RU

"Жұқтырғандар саны туралы айта алмаймыз": Таразда әскери бөлім карантинге жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тараздағы әскери бөлім қызметкерлердің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты карантинге жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Жұқтырғандар саны туралы айта алмаймыз": Таразда әскери бөлім карантинге жабылды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 01731 бөлімінің карантинге жабылғаны туралы ақпаратты растады.

"Иә, әскери бөлім карантинге жабылды. Біз жұқтырғандардың саны туралы айта алмаймыз", – деп мәлімдеді әкімдік өкілі.

Ал қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі аталған оқиғаның анық-қанығына қатысты жолданған редакция сауалына әлі жауап берген жоқ.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Таразда 20 әскери қызметкердің жұқпалы аурулар бөлімшесіне түскені туралы ақпарат тараған. Ал дезинфекциядан кейін әскери бөлім толықтай карантинге жабылған.

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері елдегі қоғамдық орындар мен көшелерді залалсыздандыруға қатысады. Сондай-ақ, барлық облысаралық блок-бекеттерде әскери-патрульдік бақылау қызметтерін атқарады.

25 сәуірдегі мәлімет бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 103 жағдайы тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жұқтырғандар саны туралы айта алмаймыз": Таразда әскери бөлім карантинге жабылды