Выйти
RU

Тағы 37 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2601-ге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде тағы 37 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2601-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"25 сәуір 22:20-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Түркістан облысында - 9 адамнан, Алматы қаласында - 13 адамнан, Ақмола облысында - 2 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында - 7 адамнан, Қостанай облысында - 4 адамнан, Павлодар облысында - 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 471,

Алматы қаласында – 827,

Шымкент қаласында – 161,

Ақмола облысында – 91,

Ақтөбе облысында – 55,

Алматы облысында – 86,

Атырау облысында – 108,

Шығыс Қазақстан облысында – 16,

Жамбыл облысында – 103,

Батыс Қазақстан облысында – 103,

Қарағанды облысында – 113,

Қостанай облысында – 43,

Қызылорда облысында – 170,

Маңғыстау облысында – 26,

Павлодар облысында – 91,

Солтүстік Қазақстан облысында – 30,

Түркістан облысында – 107, барлығы 2601 адам тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тағы 37 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2601-ге жетті