Выйти
RU

Алматыда аулада самокат теуіп жүрген үш жасар баланы көлік қағып өлтірді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанадағы "Орбита 3" ықшамауданында қайғылы жағдай болды. 23 жастағы азамат өз көлігімен аулада самокат теуіп жүрген үш жасар баланы қағып кеткен. Бүлдіршін оқиға орнында жан тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

nf5sf

Фото: Zakon.kz

Оқиға бүгін, 28 сәуір күні, түстен кейін орын алды. Қайғылы жағдай төңіректегі аулалардың бірінде болды.

Полиция Subaru көлігінің соқтығысқанын айтты. Жапон көлігінің жүргізушісі 23 жаста екен.

Белгілі болғаны, ауладағы шағын жолда жүргізуші сол жақ бағытқа бұрылмақ болғанда самокатпен жүрген 2017 жылы дүниеге келген баланы қағып кеткен.

Өкінішке қарай, алған жарақаттарының салдарынан балақай оқиға орнында көз жұмды.

nf5sf

Фото: Zakon.kz

«Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі тергеуді Алматы қаласы ДС тергеу басқармасы қабылдады», - деп хабарлады Алматы қалалық ДП баспасөз қызметі.
nf5sf

Фото: Zakon.kz

Еске салайық, бүкіл Қазақстан бойынша балаларға ойын алаңдарында ойнауға және шығуға рұқсат етілген. Тиісті бұйрықты бір күн бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Сондай-ақ, Алматылықтар енді таңғы бестен, кешкі тоғызға дейін аулада қыдыра алады. Бұл туралы оңтүстік астананың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда аулада самокат теуіп жүрген үш жасар баланы көлік қағып өлтірді (фото)