Выйти
RU

Әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны 200 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүние жүзінде коронавирустан көз жұмған адамдардың саны 203 мыңға жақындады. Оның 25 пайызға жуығы – АҚШ тұрғындары деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: nhk.or.jp

Фото: nhk.or.jp

Бүгінде Жер бетінде 2,9 млн адам коронавирусқа шалдыққан. Басым көпшілігі – АҚШ-та. Джонс Хопкинс университетінің ақпарынша, 938 мыңнан астам америкалықтан инфекция анықталған.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында – Испания. Онда 223 мың адам ауруға шалдыққан. Ал вирус құрбандарының саны бойынша бұл ел үшінші орында тұр. Мұнда COVD-19 індетінен 22 мыңнан астам адам көз жұмған.

Аурудың таралуы бойынша үшінші орында – Италия. Мұнда вирусты 195 мың адам жұқтырып, 26 мың науқас қайтыс болған.

Вирус ең кең тараған алғашқы 10 елдің тізімін Ресей Федерациясы түйіндейді. Мұнда 74,5 мың адамнан инфекция анықталған, олардың басым бөлігі – мәскеуліктер. Көршілес елде вирустан 700-ге жуық адам көз жұмды.

Әлемде қатерлі вирусты жеңіп шыққан науқастардың саны да артуда. Осы күнге дейін әлем бойынша коронавирус инфекциясынан 816,5 мың адам жазылып шықты. Бұл көрсеткіш бойынша Германия көш бастап тұр. Аталған елде 110 мыңға жуық науқас аурудан айыққан. Ал 100 мыңнан астам адамды емдеп шыққан АҚШ бұл көрсеткіште екінші орынға көтерілді.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2601 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны 200 мыңнан асты