Выйти
RU

Ким Чен Ынның өлімі жайлы ақпарат жоққа шығарылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сенбі күні америкалық БАҚ өкілдері КХДР басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты. Алайда, кейіннен бұл мәлімет жоққа шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ким Чен Ын. Фото: РИА Новости / Валерий Мельников

Ким Чен Ын. Фото: РИА Новости / Валерий Мельников

Кейбір БАҚ өкілдері Солтүстік Корея көшбасшысының жүрегіне ота жасалғанын, содан соң оның комаға түскенін жазды.

Кейіннен Корея достастық қауымдастығының басшысы Алехандро Као де Бенос Ким Чен Ынның ауыр хәлде жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, біреу бұл қауесеттерді қастық пиғылмен таратып отыр. Қауымдастық басшысы БАҚ өкілдерінен деректерді жарияламай түрып мұқият тексерулерін сұрады.

Бұдан бөлек, КХДР басшысының өлімі жайлы ақпаратты Ренхап агенттігі де жоққа шығарды. Олар жергілікті мемлекеттік радиоға сілтеме жасай отырып, Ким Чен Ынның өз жұмысын белсенділікпен жалғастырып жатқанын мәлім етті.

Еске сала кетейік, 25 сәуір күні америкалық New York Post басылымы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғанын мәлім етті.

Gazeta.ru дерегінше, Солтүстік Корея басшысының көз жұмғаны туралы деректер қытайлық Weibo әлеуметтік желісі арқылы тарап кеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ким Чен Ынның өлімі жайлы ақпарат жоққа шығарылды