Выйти
RU

"Карантин режимі толық қамтамасыз етілмеген": Екібастұз әкімі сөгіс алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз қаласының әкіміне сөгіс жариялап, бірқатар жауапты қызметкерлердің жұмысын қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Облыс әкімі Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі штаб отырысына қатысып, онда карантин жағдайында қалалық бөлімдер арасында тиімді өзара әрекет болмауынан карантин және оқшаулау режимі толық қамтамасыз етілмегенін атап өтті.

"Сондықтан да мен Екібастұз қаласының әкім, қалалық штабтың бастығы Ержан Иманзайыповқа штабтың дұрыс жұмыс жасамағаны үшін және салалық мекемелер арасында өзара үйлесімді қызмет ұйымдастырылмағаны үшін сөгіс жариялаймын", – деді Сқақов.

Сондай-ақ ол ережелерге сай жұмыс істемеген емханалардағы бас дәрігерлер мен бас санитарлық дәрігердің жауапкершілігін қарастыру қажеттігін жеткізді.

"COVID-19 расталған пациенттердің жақын және ықтимал байланысын анықтауда алгоритмнің орындалуына қатысты көптеген сұрақтар туындайды. Кейбір жағдайларда бұл жұмыс белгіленген мерзімнен кеш аяқталды. Маған карантинге жабылған кіреберістердің тұрғындары оқшаулау ережелерін сақтамайтындығы туралы ақпараттар жетіп жатыр. Яғни, қала әкімдігі мен қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі штаб жағдайды тұрақтандыру үшін жедел шараларды уақтылы қабылдаған жоқ", – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде қалалық штаб жетекшілері ведомствоаралық өзара іс-қимылда және алгоритмдерді сақтауда проблемалар болғанын ашық мойындады. Қазіргі уақытта аймақтық эпидемиологтар мен басқа мамандардың араласуынан кейін жағдай тұрақтандырылып, бақылауға алынған.

Осы күндері облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары мен облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы және қосымша қызметкерлер Екібастұзға жіберілді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық штаб отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімі Екібастұзда коронавирусты анықтайтын зертхананы мүмкіндігінше тезірек ашу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Айта кетейік, Павлодар облысында коронавирустың 94 жағдайы тіркелген болса, олардың жартысынан көбі Екібастұз қаласының тұрғындары.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2652 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Карантин режимі толық қамтамасыз етілмеген": Екібастұз әкімі сөгіс алды