Выйти
RU

Түркістанда дәрігерді қорқытқан ер адам қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында медицина қызметкерін қорқытқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз бір ер адамның медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын.

Polisia.kz сайтының ақпары бойынша, аталған жайт Мақтаарал АПБ-не “қорқыту” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған “ұсақ бұзақылық” жасағаны үшін хаттама толтырылды.

Ер адам аудандық соттың қаулысымен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда танымал қазақстандық вайнер Zheka Fatbelly төтенже жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Ол ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және сот шешімімен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Вайнердің өзі бұл әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістанда дәрігерді қорқытқан ер адам қамауға алынды