Выйти
RU

Алматыда коронавирустан бір науқас көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада коронавирус инфекциясынан тағы бір науқас көз жұмды. Жалпы, елімізде аталған індеттен қайтыс болғандар саны 26 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: scmp.com

Фото: scmp.com

Дереккөздің мәліметінше, Алматы қаласында коронавирус індетінен 1923 жылғы науқас көз жұмды.

Жалпы, Қазақстан бойынша жаңа вирустан қайтыс болғандар саны 26 адамға жетіп отыр. Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында – 3,

Алматы қаласында – 9,

Шымкент қаласында – 4,

Ақмола облысында – 4,

Шығыс Қазақстан облысында – 1,

Қарағанды облысында – 1,

Қостанай облысында – 1,

Маңғыстау облысында – 1,

Павлодар облысында – 1,

Түркістан облысында – 1 адам қатерлі дерттен көз жұмды.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 2660 адамға жетіп отыр.

Еліміздегі коронавирус бойынша 26 сәуірдің 14:35 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, республика аумағында инфекция жұқтырған тағы 8 адам тіркелді. Оның жетеуі Алматы облысында анықталып отыр.

Сондай-ақ соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан бойынша 677 адам коронавирустан емделіп шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирустан бір науқас көз жұмды